Материалдармен жұмыс Еркін Аружан
Contacts:
-
TT
Test2025_2 Test2025_2Преподаватель
«Материалдармен жұмыс» пәні – монументалды кескіндеме мамандығының негізгі кәсіби пәндерінің бірі. Курстың мақсаты – студенттерді дәстүрлі және заманауи материалдармен жұмыс істеу әдістерімен таныстыру, олардың техникалық және көркемдік мүмкіндіктерін зерттеу.
Пән барысында студенттер әктас, гипс, табиғи пигменттер, мозаикаға арналған смальта мен шыны, тас, ағаш, металл сияқты материалдармен тәжірибелік жұмыстар орындайды. Сонымен қатар, фреска, мозаика, сияқты монументалды өнер техникалары меңгеріледі.
Курс студенттің шығармашылық жобасында материалды дұрыс таңдап, оны көркемдік шешімге сәйкес қолдану дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент монументалды өнер туындыларын орындауда материалдарды үйлестірудің кәсіби біліктілігіне қол жеткізеді.