Контакты:

Бұл бағдарлама Жоғарғы кәсіби білім берудің Мемлекеттік білім беру стандартына сай В027 – «Драма театры және кино артисі», «Кино және театр артисі», «Драма театрының режиссурасы», «Музыка театрының режиссурасы» мамандандыруларына арналған.

«Бүгінгі әлемдік театрлық үдеріс» пәні 3 курс білім алушыларына оқу процесінің 5 семестрінде оқылады. Пән бағдарламасы бойынша студенттер студенттер бүгінгі театр өнеріндегі жаңалықтар мен ерекшеліктерін; әр ел театрларының негізгі түрлерін; режиссерлік ізденістер мен формалармен таныса отырып, өнердің ерекше бір түрі ретінде зерттейді.  Бүгінгі театр өнерінің өзгешелігімен және актер, режиссер және драматургтердің шығармашылығымен танысып, танымал театр қойылымдары туралы терең білім алады. Алған білімдерінің көрінісі ретінде әрбір спектакльге талдау жұмыстарын өткізіп отырады. Студенттерді бүгінгі әлем театр өнерінің өзгешелігімен және заманауи театр бағыттарымен, түрлерімен, актер, режиссер және драматургтердің шығармашылығымен таныстырып, танымал театр қойылымдары туралы толық мағлұмат беру қажет. 

«Бүгінгі әлемдік театрлық үдеріс» пәнінің мазмұны мен құрылысы жағынан міндетті компонентке енетін «Қазақ театрының тарихы», «Әлем театрының тарихы» сынды пәндермен тікелей байланыста жүргізіліп, театр өнері бойынша жан-жақты білімді калыптастыруға ықпал етеді.

«Бүгінгі әлемдік театрлық үдеріс»  оқыту процесінің негізгі түрі – лекциялар мен семинарлар. Оларды спектакльдерді көрумен және талдаумен байланыстыру орынды. Сонымен қатар бақылау жұмыстары, рефераттар, эсселер мен презентациялар да қамтыған.

«Бүгінгі әлемдік театрлық үдеріс» бойынша сабақтар заманауи әлемдік драматургия, актерлік өнер мен режиссураны терең зерттеуге бағытталған.

Семинарлық оқу барысында студенттердің жеке ойлау қабілетін дамытуға бағытталған талқылаулар өткізіледі, түрлі театрлық бағыт-бағдарлар мен мектептердің ерекшеліктері талданады. Курс студенттердің театр тарихын түсінудегі сыншылдық тәсіліндамытуға бағытталған.

Қазіргі шетел театрларының (ХХІ ғасыр театры) даму процестері туралы ақпараттық оқу әдебиеттері болмаған кезде ғылыми әдебиеттерді, мерзімді басылымдарды (мақалалар, рецензиялар, сұхбаттар мен шолулар), спектакльдердің бейне жазбаларын, теледидарлық хабарларды, жаңа пьесалар жарияланымдарын, театр фестивальдер, конференциялар, семинарлар материалдарын зерттеумен игеріледі. 

Қазіргі театр процесіне арналған тақырыптардың тапсырмаларын студенттер ұсынылған рефераттар, семинарлар мен эсселер жүйесі арқылы тапсырады. Білім алушылардың өздері замандас болып табылатын театрлық процестер негізінде өз бетінше материал іздеу және жеке қорытынды жасау арқылы материалды игеру ең нәтижелі болып көрінеді.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: «Бүгінгі әлемдік театрлық үдеріс»  пәні өнерге қатысты мамандарды даярлайтын жоғарғы оқу орындарының жалпы білім беру бағдарламасындағы негізгі кәсіби білімін тереңдетуге арналады. Пән бағдарламасы бойынша студенттер бүгінгі театр өнерінің өзгешелігімен және актер, режиссер және драматургтердің шығармашылығымен танысып, танымал театр қойылымдары туралы терең білім алады. Алған білімдерінің көрінісі ретінде әрбір спектакльге талдау жұмыстарын өткізіп отырады.

Мақсаты: «Қазіргі әлемдік театр үдерісі» сабағында студенттер бүгінгі театр өнеріндегі жаңалықтар мен ерекшеліктерін; әр елдің, аймақтың театрларының негізгі түрлерін; режиссерлік ізденістер мен формалармен таныса отырып, өмірдің бүгінгі көрінісі ретінде суреттейтін өнердің ерекше бір түрі ретінде зерттейді. 

Міндеттері: алған білімді бекіте отырып дамыту, әлемнің заманауи театрларын бағалай отырып талдау жасау, режиссерлердің сахна кеңістігін игерудегі жаңа пішіндер мен жұмыс жасау тәмілдеріндегі жаңа бағыттар мен стильдерді анықтау.