Контакты:

«Сценарий шеберлігі» пәні «Кинотеледраматургия» мамандығы бойынша білім алушыларға арналған және алдыңғы семестрде оқытылған «Кинотеледраматургия негіздері» курсының жалғасы болып табылады. Бұл пән драматургия мен кинодраматургия салаларындағы пьеса мен сценарий жазудың терең теориялық және практикалық негіздерін зерттеуге бағытталған. Оқушыларға сценарий, пьеса, скетч, қысқа қойылымдар және басқа да көркем мәтіндер жазуды үйретеді. Пән барысында конфликт, сюжет, оқиға, кейіпкер және композициялық құрылым сияқты маңызды элементтер жан-жақты қарастырылады.