Контакты:

«Заманауи өнер» пәнінің сипаттамасы

Бұл пән студенттерді ХХ–ХХІ ғасырдағы негізгі көркемдік бағыттармен таныстыруды көздейді. Кубизм, абстракция, поп-арт, сюрреализм сияқты стильдер бойынша талдау жүргізіледі. Әр тақырып аясында студенттер теориялық білім алады, қысқаша эскиздер орындайды және тәжірибелік жұмысты аяқтайды. Сонымен қатар студенттер топ болып зерттеген стильдері бойынша презентация қорғайды.

Пән барысында студенттердің шығармашылық жұмыстары арнайы онлайн-платформаға (сайтқа) жүктеліп отырады. Бұл платформада олардың жұмыстарын тек көруге ғана емес, сонымен қатар сатуға да мүмкіндік беріледі. Осылайша студент өз еңбегін бағалап, алғашқы кәсіби тәжірибесін жинақтайды.

Семестр соңында студенттердің үздік жұмыстары заманауи өнер көрмесінде қойылады. Көрме студенттердің шығармашылығын көпшілікке ұсынуға, кәсіби ортада таныстырылуға және өз стилін қалыптастыруға мүмкіндік береді.