Контакты:

Ежелгі грек драмасы мен театрының тууы

 

Еуропа жерiндегi ең ежелгi театр – гректер мен римдiктердің театры саналады. Грек театрының көркейген шағы – бiздiң дәуірімізге дейiнгi бесiншi ғасыр. Ал, римдiктердiң театры кейiнiрек пайда болған, оның дамып өркендеген кезi бiздiң дәуірімізге дейiнгi үшiншi ғасырдың екiншi жартысы мен екiншi ғасырды қамтиды. Ежелгі дәуiр бiзге әдебиет пен өнер саласында өте бай мұра қалдырды. Поэзияның негiзгi түрлерi – эпос, лирика және драма Грецияда туды. Ежелгі архитектура, мүсiн, әдебиет және театр кейiнгi ғасырларда да оқып үйрену үшiн үлгiге айналды. Мысалы қайта өркендеу дәуiрiндегi алғашқы әдеби трагедиялар мен комедияларға ежелгі дәуiр авторларының пьесалары негiз болды. Одан кейiнiрек батыс Еуропаның ең көрнектi драматургтерi: Англиядағы Шекспир, Франциядағы Корнель мен Расин, Германиядағы Шиллер мен Гёте, Италиядағы Альфиери және басқалар ежелгі дәуiр қалдырған театрлық қазынаны үлгi етiп, өз шығармашылықтарында қолданған.