Контакты:

«Театр менеджменті» пәні – театр саласында қызмет ететін мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға арналған. Пән бағдарламасы бойынша студенттер театр ұйымдарының құрылымымен, менеджмент пен маркетинг қағидаларымен, қаржылық жоспарлаумен, шығармашылық ұжымдарды басқару тетіктерімен танысады және заманауи театр ісін басқаруда қолданылатын негізгі әдістерді игереді.

Мақсаты: «Театр менеджменті» сабағы студенттерге театрды басқарудың теориялық және тәжірибелік негіздерін меңгерту, мәдени саясат пен шығармашылық процестердің өзара байланысын ашу, театр ісін ұйымдастырудағы заманауи үлгілерді зерттеу.

Міндеттері: алған білімді бекіте отырып, студенттердің театр ұйымын басқару дағдыларын дамыту; әлемдік және қазақстандық театр менеджментінің тәжірибесін талдау; театр менеджментіндегі заманауи бағыттар мен үлгілерді анықтау; шығармашылық процестерді ұйымдастыруда тиімді басқару әдістерін меңгерту.