Контакты:

Қазақ театрының тарихы» өнерге қатысты мамандарды дайындаудағы өте маңызды пән болып табылады. Мұнда қазақ театрының ең алғаш қалыптасқан уақытынан бастап қазіргі кезеңдегі шығармашылық жолы қамтылып, оқытылады. Пәнді оқыту арқылы студенттердің білімін тереңдету, олардың кәсіби маман ретінде қалыптасуын қарастыру жоспарланған. Бұл «Бүгінгі қазақ драматургиясы», «Драма теориясы» пәндерімен байланысты оқытылып, өнертану, театртану, драматургия бөлімдері студенттерінің білімін арттырады.

Курстың мақсаты: Қазақ театрының кезеңдік құбылыстарын, жаңалықтары мен көркемдік ізденістерін саралау, әрбір драмалық шығармалар мен спектакльдердің идеялық мазмұнын айқындау. 

Курс мәселелері: Білім алушылардың қазақ театрының дамуындағы кезеңдік ерекшеліктерді, ұлттық театр өнерін қалыптастырған драматургтердің, актерлер мен режиссерлердің шығармашылық жолдарын танып-білуіне мүмкіндік туғызу болып табылады. Қазақ театрының ХХ және ХХІ ғасырлардағы басты шығармашылық бағыттарын салыстырмалы саралау назардан тыс қалмайды. 

Құзыреттілігі (компетенциялар): 

білім алушының қазақ драматургтерінің пьесаларын оқып, оны талдай алады;

театр өнеріне әр кезеңде құбылыс болып келген режиссерлер мен талантты актерлердің ойындарындағы ерекшеліктерді танып-біледі. 

Оқыту нәтижелері

Курсты жүргізу (талаптар) және саясаты:

- сабаққа кешікпеу;

- өткізбеуі тиіс дәлелсіз себептермен;

- оқу үдерісіне белсенді қатысу;

- практикалық сабақтардың барлық тапсырмаларын орындау және оларды талаптарға сәйкес рәсімдеу;

- БАӨЖ бойынша тапсырмаларды орындау және оларды белгіленген мерзімде тапсыру;

- Академиялық адалдық ережелерін сақтау.

Аралық бақылауды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.