Contacts:

Студенттерді сахнада еркін қимылдауға, әнді актерлік элементтермен жеткізуге және күтпеген жағдайларда импровизациялық шешім қабылдауға үйрету.


Негізгі мазмұны:

Сахналық импровизацияның негізгі қағидалары (қимыл, мимика, пластика);

Ән орындау кезінде актерлік шеберлікті пайдалану;

Қарым-қатынас импровизациясы (тыңдарманмен, топтағы әртістермен, музыканттармен байланыс);

Күтпеген жағдайларда (музыка тоқтап қалса, сөз ұмытылса, микрофон істемей қалса) сахнада өзін-өзі ұстау;

Сахналық перформанс элементтері (жарық, би, театрлық шешімдерді қолдану).


Күтілетін нәтиже:

Сабақ соңында студенттер:

Сахнада өзін еркін ұстай алады;

Ән орындауды актерлік ойынмен үйлестіре біледі;

Тыңдарманмен байланыс орнатып, сахналық харизмасын дамытады;

Импровизация арқылы өз өнерін ерекше етіп көрсете алады