Contacts:

Студенттерді сахнада еркін қимылдауға, әнді актерлік элементтермен жеткізуге және күтпеген жағдайларда импровизациялық шешім қабылдауға үйрету.


Негізгі мазмұны:

• Сахналық импровизацияның негізгі қағидалары (қимыл, мимика, пластика);

• Ән орындау кезінде актерлік шеберлікті пайдалану;

• Қарым-қатынас импровизациясы (тыңдарманмен, топтағы әртістермен, музыканттармен байланыс);

• Күтпеген жағдайларда (музыка тоқтап қалса, сөз ұмытылса, микрофон істемей қалса) сахнада өзін-өзі ұстау;

• Сахналық перформанс элементтері (жарық, би, театрлық шешімдерді қолдану).


Күтілетін нәтиже:

Сабақ соңында студенттер:

• Сахнада өзін еркін ұстай алады;

• Ән орындауды актерлік ойынмен үйлестіре біледі;

• Тыңдарманмен байланыс орнатып, сахналық харизмасын дамытады;

• Импровизация арқылы өз өнерін ерекше етіп көрсете алады