Контакты:

Сабақтың мақсаты:

Студенттерді заманауи музыкалық индустрияда өзін дұрыс таныстыра білуге, жеке имиджін қалыптастыруға және шығармашылығын тиімді маркетингтік құралдар арқылы дамытуға үйрету.


Негізгі мазмұны:

• Музыкалық маркетингтің негізгі түсініктері;

• Әншінің жеке бренді: бейне, стиль, сахналық образ;

• Әлеуметтік желілердегі стратегия (Instagram, TikTok, YouTube, Spotify және т.б.);

• PR, медиа және жарнаманың рөлі;

• Музыкалық өнімді (ән, клип, концерт) нарыққа шығару жолдары;

• Әнші мен менеджердің, продюсердің қарым-қатынасы;

• Қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының табысты бренд қалыптастыру тәжірибелері.


Күтілетін нәтиже:

Сабақ соңында студенттер:

• Өз шығармашылығын аудиторияға дұрыс ұсына алады;

• Жеке бренді мен имиджін қалыптастырудың негізгі қағидаларын меңгереді;

• Әлеуметтік желілер мен заманауи платформаларды кәсіби қолдана алады;

• Музыкалық индустриядағы маркетингтік стратегияларды тәжірибеде қолдана алады.